Мемлекеттік кызмет көрсету Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

Мемлекеттік кызмет көрсету Жетім балаға (жетім балаларға)  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаға (балаларға)  қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 - бабының 1 - тармақшасына сәйкес әзірленді және жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу тәртібін анықтайды.

Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қараудың және шешім қабылдаудың немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі - 19 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың белгілі бір тізімін белгілейді.

1) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкіндік болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №692 бұйрығымен (бұдан әрі - №692 бұйрық) (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай – ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (бұдан әрі - №907 бұйрық) (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

5) «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не ҚР тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі (егер некеде тұрса);

6) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не ҚР тыс жерде туылған баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);

7) балаға жалғыз ата – анасының немесе екеуінің де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болу туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш, анасының нұсқауы бойынша жазылған әкесі туралы мәлімет, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығымен (бұдан әрі - №112 бұйрық) (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10764 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда) көшірмелері;

8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) табысы туралы мәліметтер;

9) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);

10) осы бұйрықпен бекітілген баланың (балалардың) пікірі (он жасқа толған жағдайда);

11) жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификат.

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Шахтинск қаласының білім бөлімінің shahtinsk-edu.gov.kz ресми интернет-ресурсында, Шахтинск қаласы әкімдігінің shahtinsk.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған.

С.Курмашева, «Шахтинск қаласының білімбөлімі» ММ - нің балалардың құқықтарын қорғау және тәрбие

жұмысы секторының меңгерушісі