Тұрақты бақылауда

Тұрақты бақылауда

25 қарашада қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі қалалық комиссияның соңғы отырысы өтті.

Қалалық білім бөлімі басшысының м.а. С.Курмашева Шахтинск өңіріндегі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша есеп берді, сонымен қатар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге басты назар аударылды. Барлық жалпы білім беретін мектептерде тақырыптық «сынып сағаттары» өткізіледі, кітапханаларда кітап көрмелері ресімделген. Ұлттық, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды өткізу кезінде ҚР мемлекеттік рәміздері пайдаланылады.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның Шахтинск аймағының мекемелері мен ұйымдарында өткізген тексерісінің қорытындысы туралы баяндады. Жалпы алғанда тексеріс Шахтинск аймағының ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы жұмыс жоғары деңгейде жүргізілетіндігін көрсетті. Алайда кейбір кемшіліктер де орын алған. Баяндамашы сөзінің соңында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыс басымды мәселелердің қатарында және үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі қалалық комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сәйкес болу мәселесін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі