
Білім беру нысандарын жөндеу
2026 жылы Шахтинск қаласы мен оған іргелес кенттердегі 22 білім беру нысанында — мектептерде, балабақшаларда және қосымша білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары аясында нысандардың ішкі бөлмелері, инженерлік жүйелері, шатырлары, қасбеттері, кіреберістері және аумақтары жаңартылуда.
18 нысанда жұмыстар толық аяқталды.
4 нысанда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары балалар мен педагогтер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі