Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту🔑

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту🔑

Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың  #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт: 

📌Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз

📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз

📍Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:

📎Еркін түрде жазылған өмірбаян

📎Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлеміндегі екі суреті 

📎Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі

📍 Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:

📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат

📎 Өтініш беріледі

 

📚Мәртебе мерзімі: 

🕐 Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. 

🕕 Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.  

 

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:

✔️Мәртебені алу – 15 жұмыс күні

✔️Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні

 

☝️Ескерту!

Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз