Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Бүгін әкімдікте аппараттық кеңес өтіп, онда ерекше бақылауда тұрған бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

- әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау;

- өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйі;

- 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы;

- бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың проблемалық мәселелер қамтылған жарияланымдарға уақтылы ден қоюы.

Кеңес қорытындысы бойынша басым міндеттер айқындалып, жауапты орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі