Шахтинск қаласының әкімі биылғы жылғы қала тұрғындарымен алғашқы кездесуін өткізді

Шахтинск қаласының әкімі биылғы жылғы қала тұрғындарымен алғашқы кездесуін өткізді

Кездесу барысында 2026 жылдың алғашқы бес айындағы Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, қаланы одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.

Ашық диалог форматында тұрғындар нөсер кәрізін жөндеу, балалар ойын алаңдарын абаттандыру, орталық жылу жүйесінің жұмысы, газдандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынды. Әрбір мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдармен және мекемелермен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Кездесуден кейін қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың жеке өтініштерін қарады.

Мұндай кездесулер халықпен ашық байланыс орнатуға, тұрғындардың пікірін ескеруге және қаланың одан әрі дамуының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі