Қала әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай құрмет грамоталарын табыстады

Қала әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай құрмет грамоталарын табыстады

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде еліміз ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтеді. Ауыл шаруашылығы мемлекет үшін басты рөл атқарады, бұл салада өз еңбегімен және сапалы өнімімен елімізді қамтамасыз ететін адамдар жұмыс істейді.

Мерекеге орай қала әкімі С.Аймақов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын «Апрель Кулагер» ЖШС тоңазытқыш цехының бастығы Н.Абросимоваға және Қарағанды облысының Құрмет грамотасын Новодолинский кентінің «Наурыз» шаруа қожалығының басшысы В.Тулиновқа табыс етті.

С.Аймақов қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі