Шахтинск қаласын, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттері тұрғындарының назарына!

Шахтинск қаласын, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттері тұрғындарының назарына!

Сіздерді 2026 жылдың 25 маусымында «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де өтетін «Қызмет алушылар күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз!

Іс-шара барысында келушілер әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер ала алады.

Өтетін орны: Шахтинск қаласы, Калинин көшесі, 17.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты.