18 маусымда Шахан кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

18 маусымда Шахан кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

2026 жылдың бес айындағы кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды. Тұрғындар абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу және электр мопедтерін тіркеу мәселелерін көтерді. Түскен барлық өтініштер бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.

Кездесуден кейін жеке азаматтарды қабылдау өткізіліп, ауылда спортты дамыту мәселесі қаралды. Өтініш бақылауға алынды.

Шахан ауылының дамуына белсенді азаматтық ұстанымы, сындарлы диалогы және үлесі үшін тұрғындарға алғыс білдірілді.

 Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі