
Кездесу барысында бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері қарастырылып, азаматтардың жаңа өтініштері талқыланды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері анықталды.
Мұндай кездесулер мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін уақтылы шешуге, қалалық ортаның қолжетімділігін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі