
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің мейірімдеріңіз бен кәсібиліктеріңіз талай жанға үміт сыйлап, сауығуына себеп болып келеді.
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі