
Кеңес барысында әлеуметтік саланы дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе өңірдің денсаулық сақтау жүйесін кадрлық қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерін қолдау шараларының тиімділігі, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасының жай-күйі және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі болды.
Одан әрі қатысушылар 2025–2029 жылдарға арналған Қарағанды агломерациясын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың Шахтинск қаласы бойынша орындалу барысын, жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуы мен нысаналы көрсеткіштердің орындалуын талқылады.
Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұлттық жобалар мен жеке бастамалардың іске асырылуы мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі