
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС («КРЭК» ЖШС) электрмен жабдықтау бағасының алдағы өсуі туралы ақпаратты қарау бойынша жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 17 маусымда сағат 10:00-де Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан Мәдениет сарайы ғимаратында өтеді.
Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн-трансляция ұйымдастырылады:
https://www.facebook.com/dkrem.krg
Туындаған барлық мәселелер бойынша уәкілетті орган мен қызмет көрсетуші қарастыруы үшін кент әкімдіктеріне жүгіне аласыздар.
Жария тыңдауларға мәслихат депутаттары, тұтынушылар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, табиғи монополиялар субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері шақырылады.
«Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС байланыс телефоны:
8 (7212) 90-03-50.