Шахтинск қаласында «Қызмет алушылар күні» және «Халық заңгері» акциясы өтті

Шахтинск қаласында «Қызмет алушылар күні» және «Халық заңгері» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2026 жылғы 21 мамырда Шахтинск қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні», сондай-ақ «Халық заңгері» іс-шарасы өтті.

Қала тұрғындары мамандарға сұрақтарын тікелей қоя алды.

Мемлекеттік қызметшілер азаматтарға жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, кәсіпкерлік, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес берді.

Заңгер-сарапшылар еңбек, отбасы және мүліктік құқықтардың, сондай-ақ банкроттық мәселелерінің қыр-сырын түсінуге тегін көмектесті.

«Отбасы Банкінің» кеңестері ерекше қызығушылық тудырды. Оның маманы тұрғын үйге мұқтаждар ретінде тіркелу және кезегіңіздің мәртебесін тексеру жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Бұл күні барлығы 15 адамға білікті көмек көрсетілді.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі