
Құрметті қала тұрғындары және іргелес кенттердің тұрғындары!
Сіздерді 16 мамыр күні өтетін жалпы қалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз.
Сенбілік — қаламызды таза, көрікті әрі жайлы етуге арналған ортақ іс.
Барша тұрғындарды, еңбек ұжымдарын, кәсіпкерлерді және жастарды қала тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
Өзіңізбен бірге көтеріңкі көңіл-күй, жұмыс қолғаптары және игі іске деген ниет ала келіңіз!
Бірге қаламызды таза әрі жайлы етейік!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі