
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Тлеуов Асхат Ниязбекұлы тағайындалды.
Қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бүгін өткен аппараттық отырыста кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
Асхат Ниязбекұлының жоғары білімі бар. Әр жылдары Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында, Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінде және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істеген.
Осы тағайындауға дейін ол Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі