
Долинка, Новодолинский және Шахан кенттерінде әкімдік ғимаратында, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында құқықтық кабинет құрылды. Азаматтар үшін электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен сервистерге, соның ішінде eGov, e-Otinish, Әділет, «Ашық НҚА» порталдарына және* басқаларына еркін қолжетімділік қамтамасыз етілді, заңнаманы түсіндіру бойынша материалдар ұсынылған. Азаматтар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. «Құқық кабинеті» кент тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған, оларға өз округінің шегінен шықпай-ақ құқықтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
«Құқық кабинетінің» мекенжайлары:
Долинка кенті, Садовая көшесі, 58
Новодолинский кенті, Центральная көшесі, 4
Шахан кенті, Шаханская көшесі, 11
Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі
«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ