Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығын тапсыру жөніндегі ереже

Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығын тапсыру жөніндегі ереже
  1. Қалалық Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығы (әрі – қарай сыйлық) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру, өңірдің жастар кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыру мақсатында беріледі.
  2. Сыйлық ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық жемісті қызметі үшін, жастар арасында танылған, Шахтинск қаласының 14-тен 29 жасқа дейінгі жас азаматтарына («Шахтинск аймағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға менің жеке үлесім» номинациясынан басқа) келесі номинациялар бойынша беріледі:

- «Жылдың үздік жоғары сынып оқушысы»;

- «Жылдың жас спортшысы»;

- «Колледждің үздік студенті»;

- «Жастар көшбасшысы»;

-«Шахтинск аймағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға менің жеке үлесім»  (жас шектеулері жоқ)

- «Жыл еріктісі» (жас шектеулері жоқ);

- «Жас кәсіпкер».

"Жас кәсіпкер" номинациясы Шахтинск қаласының 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас азаматтарына қолданыстағы бизнесті дамытуға, кеңейтуге беріледі.

  1. Шахтинск қаласы әкімінің "Жастар" сыйлығын беру номинациялары бойынша ақшалай сыйақы мөлшері: «Жылдың үздік жоғары сынып оқушысы», «Жылдың жас спортшысы»; «Колледждің үздік студенті»; «Жастар көшбасшысы» номинацияларына 150 мың тенгені (жүз елу мың тенге) құрайды.

                Шахтинск қаласы әкімінің "Жастар" сыйлығын беру номинациялары бойынша ақшалай сыйақы мөлшері: «Шахтинск аймағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға менің жеке үлесім» номинациясына 100 мың теңгені (жүз мың теңге) құрайды.

                Шахтинск қаласы әкімінің "Жастар" сыйлығын беру номинациялары бойынша ақшалай сыйақы мөлшері: «Жыл еріктісі» номинациясына 300 мың теңгені (үш жүз мың теңге) құрайды.

                «Жас кәсіпкер» номинациясы бойынша сыйлық қоры 1000000 млн.тенгені (бір миллион теңге) құрайды.  

                Ақшалай сыйақыны екі номинант арасында тең бөлуге болады.

                Өткен жылдардың белгілі бір номинациясының жеңімпазы болған лауреаттарға сол номинацияға қайта ұсынылуына болмайды; «Жастар» сыйлығына кандидат бір ғана номинацияға үміткер бола алады.

  1. Шахтинск қаласы әкімінің "Жастар" сыйлығын беру бойынша конкурстық құжаттарды іріктеуді, қабылдауды, сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді талқылауды және қабылдауды тағайындау жөніндегі комиссия (әрі қарай - комиссия) жүзеге асырады. Комиссия Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысында бекітіледі.
  2. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды Шахтинск аймағындағы жергілікті және басқа да мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік одақтар, ұйымдар мен мекемелер, жастар қоғамдық бірлестіктері және кандидаттар өздері жүргізеді.
  3. конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) түйіндеме;

2) ұсыныс-мінездеме;

3) DVD дискте 10-20 данада жұмыс, шығармашылық, оқу жағдайындағы сандық форматтағы фотолар;

4) “Мен “Жастар” сыйлығына не себепті лайықтымын» тақырыбына эссе;

5) еңбектерін растайтын құжаттар (грамоталардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері, DVD сандық форматындағы бейне және фотоматериалдар);

6) үміткердің негізгі еңбегі көрсетілген қысқаша сипаттама;

7) жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі;

8) "Жас кәсіпкер" номинациясына қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа келесі құжаттар қажет:

8.1.) қолданыстағы бизнестің фото және бейне материалдарымен презентациясы

8.2.) ұйымдастыру-құқықтық нысанын растайтын құжат: патент, ЖК куәлігі, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

8.3.) кемінде бір жыл үшін декларацияның көшірмелері (ф 200, ф 910)

8.4.) бизнеске инвестицияларды растайтын құжаттар.

  1. Сыйлыққа ие болған тұлғаларға «Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом және ақшалай сыйақы беріледі.
  2. Сыйлық салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.
  3. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралардың конкурстық құжаттарын қабылдауды және жұмыстарын алдын ала қарауды жүзеге асырады, оларды ұсыну тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) кандидатураларға іріктеу жүргізеді, конкурсқа қатысуға жіберу туралы ұсыныстар енгізеді, авторлар мен оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, жіберілген жұмыстардың тізімін баспасөзде жариялайды;

3) конкурсқа жіберілген кандидатуралардың жұмыстарын кеңінен және ашық талқылауды ұйымдастырады;

4) сыйлық беру туралы шешім қабылдайды;

5) сыйлық лауреатының дипломдарын ресімдейді.

  1. Комиссияға сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарау үшін, секциялар және сараптамалық топтар құру құқығы беріледі. Комиссияның әрбір мүшесі ауыстыру құқығынсыз бір рет дауыс беруге құқылы.
  2. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар мен конкурстық жұмыстар Комиссиямен екі кезеңде қаралады:

1 кезең – сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін іріктеу комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы өтеді;

2 кезең – әрбір кандидатура бойынша жеке, ашық дауыс беру арқылы сыйлық беру туралы шешім қабылданады. Кандидатқа сыйлық беру үшін, ол үшін отырысқа қатысушылар санының кемінде 3/4 дауысы берілуі тиіс.

Жұмыстарды бағалау критерийлері № 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Комиссия отырыстары олардың құрамының кемінде 2/3 болған жағдайда заңды болып саналады. Сыйлық алуға Комиссия мүшесінің жұмысы ұсынылған жағдайда оның авторы отырыстардың жұмысына қатыспайды.
  2. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 04 қарашасынан 2020 жылдың 20 қарашасына, сағат 18:00 дейін.

 

Жұмыстарды қабылдау орны:

Жастар ресурстық орталығы – (Қазақстан көшесі, 101 құрылыс) – тел. 53529, ұялы тел. 87086992106, 87787137727.

Ішкі саясат бөлімі –(Шахтинск қаласының әкімдігі)– тел. 51595, ұялы тел. 87755532070.