
Халық үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Adaldyq alańy» жобасын іске асыру аясында «Open Shahtinsk» ашық әкімдігі жұмыс істей бастады. Ашық әкімдік азаматтарға бір жерде сапалы, жедел және ыңғайлы жағдайда көп уақыт жұмсамай кеңестер мен мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Қала әкімі С.Аймақов «Open Shahtinsk» - те болып, оның жұмысына оң баға беріп, аталған жобаның тиімділігіне сенім білдірді.
Тұрғындар білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарынан жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін барынша қолайлы жағдайда кеңес және мемлекеттік қызметтер ала алады.
Жүгінген азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық кезек енгізілді, күту аймақтары құрылды, әкімші жұмыс істейді, өзіне-өзі қызмет көрсетудің жеке бұрышы бар.
«Open Shahtinsk» ашық әкімдігі Қазақстан көшесі, 101, мекенжайы бойынша орналасқан. Телефон нөмірі 8(72156)22005
Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі