
Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн сіздердің мейірімділіктеріңізді, нәзіктіктеріңізді, даналықтарыңызды және жан сұлулықтарыңызды бейнелейді. Сіздер — өмірдің қайнар көзі, отбасының тірегі, үйдің жылулын сақтаушысысыздар, айналаңыздағы адамдарға шабыт бересіздер. Ежелден бері әйел қамқорлық пен мейірімділіктің символы болған.
Шахтинск қаласының әйелдері бүгінде барлық қызмет салаларында өздерін сенімді түрде көрсетіп келеді. Сіздер білім беру мен денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет пен кәсіпкерлік, өнеркәсіп, мәдениет, спорт және барлық басқа салаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырсыздар. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және кәсіби шеберліктеріңіз қала экономикасының дамуына, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен өркендеуіне үлкен серпін беруде.
Үлкен Алғысымды аналарға арнаймын, олардың махаббаты мен қамқорлығы болашақ ұрпақ үшін берік негіз болып табылады. Әжелерімізге үшін алғыс айтамын. Жас қыздарға қойылған мақсаттарына батылдықпен жетуді, өз таланттарын ашуды және сенімді түрде болашағын құруды тілеймін.
Құрметті ханымдар!
Осы жарқын мереке сіздердің өмірлеріңізді айшықты түстермен, қуанышты оқиғалармен және жағымды тосын сыйлармен толтырсын! Ал осы күннің әрбір сәті жақын және сіздерге қымбат жандардың жылы жүзді күлкісімен жылыта берсін, сіздердің өмірлеріңіз әрдайым жарыққа, махаббатқа және үйлесімділікке толы болсын!
Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!
Сіздердің шаңырақтарыңызда мәңгілік жайлылық, ырыс-молшылық және мызғымас келісім орнасын. Көктемнің жылуы тек табиғатқа емес, сіздердің де жандарыңызға нұр сыйлап, жүректеріңіз ешқашан таусылмайтын тыныштық пен шуақты жан жылуына толсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.