Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бірлік пен өзара құрмет мерекесі — Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бізге қолдаудың, мейірімділіктің және жақсылықтың қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы маңыздылығын еске салады.

Алғыс айту күні — бұл аға буынға олардың еңбегі мен өмірлік даналығы үшін, қоғам қайраткерлері мен еріктілерге олардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін, кәсіпкерлер мен әлеуметтік серіктестерге қаланың дамуына қосқан үлесі үшін, сондай-ақ барша тұрғындарға туған жерге деген сүйіспеншілігі мен оны жақсартуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіру мүмкіндігі.

Бірлескен күш-жігеріміздің, өзара қолдауымыз бен жауапкершілігіміздің арқасында біз маңызды жобаларды жүзеге асырып, балаларымыздың өмірі мен дамуына лайықты жағдай жасауда сенімді түрде алға жылжудамыз.

Осы күн жүректеріңізді жылулық пен алғысқа толтырсын. Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт өмір, амандық және туған қаламыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.