Шахтинск қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтарды алғыс айту күні қарсаңында құрметтеу

Шахтинск қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтарды алғыс айту күні қарсаңында құрметтеу

Іс-шара барысында қала әкімі бизнес өкілдеріне және бей-жай қарамайтын азаматтарға олардың белсенді өмірлік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі және қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

Қалада білім беру, спорт, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау салаларында жобалар жүзеге асырылып жатқан қолдаулардың арқасында, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетіледі.

Қайырымдылық қоғамдастығының ең үздік өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Алғыс айту күні – игі істерімен қоғамдағы бірлікті, өзара көмекті, келісімді нығайтып жүрген жандарға «рахмет» айтудың ерекше мүмкіндігі. Олардың үлесі — бұл қаланың болашағы мен оның тұрғындарының әл-ауқатына жасалған инвестиция.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі