Көктем-2026»: Шахтинск қызметтерінің көктемгі төтенше жағдайларға дайындығын тексеруде

Көктем-2026»: Шахтинск қызметтерінің көктемгі төтенше жағдайларға дайындығын тексеруде

Бүгін Шахтинск қаласында «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығу мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының су тасқыны қаупіне ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

«Көктем-2026» РКШОЖ өткізу аясында қалада:

- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті;

- азаматтық қорғау қызметтері мен қалалық ұйымдардың 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді;

- азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды;

- авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілетін аймақтарға өту маршруттары нақтыланды;

- авариялық-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша бірінші кезектегі міндеттер анықталды.

Көктемгі су тасқыны кезінде әрекет ету жылдамдығына, қызметтердің өзара әрекеттестігіне және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Оқу-жаттығуды өткізу тәжірибе жүзінде әрекет алгоритмдерін пысықтауға, барлық қатысып отырған қызметтердің үйлесімділігін арттыруға және су тасқыны кезеңіндегі ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі