Шахтинск өңірінің ветеринариялық қызметі: қорытындылар мен жоспарлар

Шахтинск өңірінің ветеринариялық қызметі: қорытындылар мен жоспарлар

Бүгін аппараттық кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ветеринария саласындағы индикативтік көрсеткіштердің орындалуын қарау болды.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.

2025 жылы аса қауіпті ауруларға қарсы 4037 бас мал тексерілді. Анықталған бруцеллез жағдайлары дер кезінде жойылды. 20 900 профилактикалық іс-шара өткізілді.

АШЖ дерекқорына ірі қара, ұсақ мал, жылқы және шошқа тіркелді. Малдарды сәйкестендіру және есепке алу жұмыстары жалғасуда.

БАБЖ порталы арқылы 3535 ветеринариялық анықтама берілді, оның ішінде «Апрель Кулагер» ЖШС тарапынан берілген анықтамалар бар.

Өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі