
Халықты вакцинациялау мәселелері денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады, осыған байланысты бұл мәселе кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібіне егжей-тегжейлі қарау үшін енгізілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аумақтық бөлімінің басшысы 2025 жыл мен 2026 жылдың қаңтар айында атқарылған жұмыстың қорытындыларын ұсынды.
Мәлімдеме барысында мамандар вакциналау және декреттелген халық топтарын жоспарлы иммундау мәселелері бойынша медициналық ұйымдар мен білім беру нысандарына тұрақты түрде мониторингтік сапарлар жүргізіп жатқанын, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі адамдар арасында (соңғы бес жыл ішінде жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған адамдарды) вакцинациялау жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Алғашқы кезектегі міндеттердің қатарында вакциналармен басқарылатын инфекцияларға, соның ішінде қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит және көкжөтелге қарсы халықты вакцинациялау бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне енгізілген инфекцияларға қарсы вакцинациялау жұмыстары белгіленді.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша вакцинация мәселелерін ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ халық арасында профилактикалық екпелерді уақтылы жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі