Шахтинск қаласында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқық тәртібі әліппесі» акциясы өткізілді

Шахтинск қаласында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқық тәртібі әліппесі» акциясы өткізілді

Акция барысында қатысушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Шахтинск қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты. Іс-шараға мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар  өкілдері және жастар қатысты.

Аталған акция облыстық прокуратура жанындағы жобалық кеңсенің жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Оның аясында тұрғындар арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Шахтинск қаласының прокуроры Адепбеков Канагат Багдатович атап өткендей, бұл бастама «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыруға, атап айтқанда, заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін қалыптастыруға бағытталған.

Көшпелі іс-шара барысында қатысушыларға Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын ұйымдастыру тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері таныстырылды. Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне, ашықтығына және заңдылығына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар азаматтарды қабылдау рәсімдерімен танысып, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірмелер алып, ХҚКО мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Қоғам өкілдері мұндай ашық формат мемлекеттік органдардың жұмысын тереңірек түсінуге, мемлекет пен халық арасындағы диалогты нығайтуға, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен заңға бағыну қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру және азаматтардың сенім деңгейін арттыру бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Бұған дейін «Құқық тәртібі әліппесі» акциясы аясында Шахтинск қаласының тұрғындары құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының қызметімен танысқан болатын.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызме