
Сапар барысында депутат Технологиялық колледж ұжымымен кездесу өткізіп, сондай-ақ Московская көшесі, 18/1 және Казахстанская көшесі, 97/1 мекенжайларында орналасқан «Шахтинск қаласының ауруханасы» КМК ғимараттарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Сонымен қатар Шахтинск қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау жүргізіліп, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесулер барысында көтерілген барлық мәселелер мен өтініштер бақылауға алынды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі