Сенат депутатының Шахтинск қаласына жұмыс сапары

Сенат депутатының Шахтинск қаласына жұмыс сапары

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Балғатайұлы Өтешовтің Шахтинск қаласына жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында ол Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттарымен және қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланып, мүмкін болатын заңнамалық бастамалардың негізгі бағыттары анықталды.

Сонымен қатар, депутат азаматтармен жеке қабылдау өткізді, оның барысында тұрғындар автомобиль жолдарын абаттандыру, жөндеудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ интернационалист-жауынгерлерге (Ауған соғысына қатысушыларға) қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігін көтерді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі