
Сіздерді Жаңа 2026 жыл мерекесімен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл қаламыз үшін маңызды оқиғаларға, қабылданған жауапты шешімдерге және бірлескен еңбектің айтарлықтай нәтижелеріне толы жыл болды. Бірлігіміз бен өзіміздің қаламызға деген сүйіспеншілігіміздің арқасында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылды.
Алда келе жатқан 2026 жыл әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, құт- береке, бақ-дәулет, ырыс әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!
Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін! Жаңа жыл құтты болсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.