
Бүгін әлем чемпионы, спортшы Сабыржан Аққалықовты түрде құрметтеу рәсімі өтті. Ол – мақсатқа ұмтылудың, табандылық пен жүйелі еңбектің жарқын үлгісі: 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанып, биылғы жылы ерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді.
Бұл жоғары нәтиже отандық бокстың дамуына зор үлес қосып қана қоймай, бүкіл қаламыз үшін елеулі оқиға болып, жерлестер арасында шынайы мақтаныш тудырды.
Кездесу барысында спортшыға алғыс пен қолдау сөздері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен туған қаланың атынан халықаралық аренада мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен одан әрі жоғары спорттық жетістіктер тілектері айтылды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі