Кезекті аппараттық кеңес барысында кадрлық мәселелер қаралды

Кезекті аппараттық кеңес барысында кадрлық мәселелер қаралды

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Шахтинск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына 1990 жылы туған, жоғары білімі бар, бұрын Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған Бахшиев Санжар Ниязович тағайындалды.

Кеңес аясында сондай-ақ Шахтинск қаласында жоғары медициналық білімі бар жас мамандарды тарту және оларды тұрақтандыру шаралары қаралды. 2025 жылғы жағдай бойынша қалаға әртүрлі бейіндегі 21 медицина маманы тартылды.

Жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, біржолғы материалдық көмек көрсету, мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарына жіберу шаралары көзделген. Сонымен қатар, 2026 жылы тағы төрт дәрігер-резидентті оқыту жоспарлануда.

Аталған бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, оң нәтижелерін көрсетуде.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі