Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Энергетиктер күнімен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз — қаланың тұрақты жұмысының, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің, кәсіпорындардың, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің негізі. Сіздердің кәсібиліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және жанқиярлықтарыңыздың арқасында қала тұрғындарының үйлерінде жарық пен жылу бар.

Энергетика саласының берік негізін қалаған саланың ардагерлеріне және еңбек дәстүрлерін лайықты жалғастырып келе жатқан жас мамандарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, амандық, тұрақты жұмыс, кәсіби табыстар мен апатсыз ауысымдар тілеймін. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан сұранысқа ие болып, лайықты бағалансын!

 

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.