Қаланың өмір сүруін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды

Қаланың өмір сүруін қамтамасыз етудің негізгі мәселелері қаралды

Бүгін кезекті аппараттық кеңесте 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының өту мәселелері қаралды. Халыққа арналған көмірдің көмір қоймаларында болуы, тұрақты жылумен қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтердің дайындығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары, сонымен қатар жанар-жағармай материалдарымен және автогазбен жанармай құю станцияларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері анықталып, қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау күшейтілді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі