
2025 жыл Қазақстан бизнесі үшін маңызды болды — алғаш рет Кәсіпкерлер күні белгіленіп, ол 29 қазанда атап өтіледі .
2025 жылғы 12 желтоқсанда Шахтинск қаласында кәсіпкерлермен кездесу өтті, онда бизнесті дамыту бойынша негізгі мәселелер қаралды.
Салық заңнамасындағы өзгерістер, оның ішінде жаңа Салық кодексін қабылдау және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдетілген режимде КТС және ЖТС мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету талқыланды.
«Даму» қорының өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. 2025 жылдың басынан бастап қалада 500 млн теңгеден астам сомаға 7 жоба қолдау тапты.
Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау шаралары, «Еңбек Қарағанды» РМК ынтымақтастық мүмкіндіктері және өндірістерді орналастыру туралы түсіндірілді.
Кездесу соңында санитарлық нормаларды сақтау, абаттандыру және әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұрудың маңыздылығы атап өтілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі