Біздің чемпион

Біздің чемпион

2–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 120 елдің спортшылары қатысты.

Шахтинск қаласының боксшысы Сабыржан Аккалыков 75 кг салмақта күміс медаль жеңіп, біздің үшін халық чемпионы атанды!

Осы жетістікке үлкен үлес қосқан бапкері Александр Рейнатович Насибуллинге ерекше алғыс айтамыз.

Спортшы мен бапкерді тамаша жетістікпен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа жеңістер мен жарқын табыстар тілейміз!

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі