2025 жылғы 10 желтоқсаны «Adalway. Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» агитбригадалар мен театрландырылған қойылымдар қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қаланың 11 мектебінен 11 команда қатысты

2025 жылғы 10 желтоқсаны «Adalway. Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» агитбригадалар мен театрландырылған қойылымдар қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қаланың 11 мектебінен 11 команда қатысты

Байқаудың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ заңға құрмет көрсету мен адалдық құндылықтарын насихаттау барысында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – С. Асфендияров атындағы ЖББМ;
2 орын – Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
3 орын – № 8 негізгі орта мектебі.

Байқау номинациялары:
* «Үздік сценарий» – № 12 ЖББМ;
* «Құқық тәртібі тақырыбына ерекше көзқарас» – Е. Бөкетов атындағы ЖББМ;
* «Жасөспірімдер қылмысы мәселесін терең ашқаны үшін» – № 11 ЖББМ;
* «Құқықтық тақырыптағы үздік комедиялық қойылым» – С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы.

Байқау қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын, құқықтық мәдениетті насихаттауға деген қызығушылығы мен жауапкершілігін көрсетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қала мектептерінде әрі қарай жалғасын табады.