
10 желтоқсанда Шахтинск қаласының ТЖ жөніндегі комиссиясының отырысында қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы, эпидемиологиялық жағдай, азаматтық қорғаныс және хабарландыру жүйесін жаңғырту мәселелері қаралды. Жолдарды тазарту, коммуналдық қызметтердің жұмысы, халықты ақпараттандыру және ағымдағы аурушаңдық талқыланды. Тұрақты коммуналдық қамтамасыз етуді, қарды уақытылы тазартуды, профилактика мен вакцинацияны күшейтуді, сондай-ақ хабарландыру құрылғыларын орнату бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі