Шахтинск спортшылары - бокстан Қазақстан чемпиондары атанды!

Шахтинск спортшылары - бокстан Қазақстан чемпиондары атанды!

2025 жылғы 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Тараз қаласында 2008–2009 және 2010–2011 жылдары туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 28 команда және 400-ден астам спортшы қыз қатысты.

Шахтинск қаласының боксшы қыздары жоғары нәтиже көрсетіп, жарыста ерекше көзге түсті:

Оспанова Аяулым 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды,

Оспанова Камила 70 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленді.

Спортшыларымыз үздік дайындықтарын көрсетіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы боксшылары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қыздардың жаттықтырушысы — Оспанов Жеңіс.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі