«Құқықтық тәртіп әліппесі» іс-шарасы

«Құқықтық тәртіп әліппесі» іс-шарасы

Бүгін Шахтинск қаласының прокуратурасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы бойынша іс-шара өтті.

Іс-шараға прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, белсенді азаматтар, еріктілер және өңіріміздің жастары қатысты.

Қатысушылар прокуратураның қызметімен, азаматтардың өтініштерін қарау, қадағалау жұмыстары, мемлекеттің мүдделерін қорғау және сотқа дейінгі процестермен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Соңында нәтижелер талқыланып, пікір алмасу өтті .

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі