28 қарашада қала әкімі жыл қорытындысы бойынша халықпен кездесуін өткізді.
Қатысушыларды 2025 жылы өңірде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі жұмыстар туралы хабардар еттім.
- Шахтинск қаласы мен Шахан кентінде жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Жылу станциялары қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.
Жылу шығынын азайту үшін 4,8 км магистральдық және кварталішілік жылу желілері ауыстырылды.
- Су құбыры желілерін қайта құру (3-кезек) жалғасуда. Бүгінгі таңда жоспарланған 49,4 км-ден 41,2 км жаңа желілер салынды.
- Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Карл Маркс көшесі, 44 мекен-жайы бойынша 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы және Шахан кентіндегі 2 кіреберісті тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Жалпы, аталған жобаларды жүзеге асырудың арқасында кезекте тұрған 85 адам баспанамен қамтылатын болады.
- Жол инфрақұрылымы 2025 жылы орташа жөндеумен шамамен 8 км автомобиль жолдары қамтылды.
- Қалалық ортаны абаттандыру
Ағымдағы жылы орындалған жұмыстар:
- 5 футбол алаңы жөнделді;
- 20 балалар алаңы жайластырылды (11 — қалада, 9-кенттерде).
- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін шамамен 7000 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы салынды.
- Жарықтандыру
Бұрын хабарланғандай, өңірдің барлық кенттерін жүз пайыз жарықтандыру бойынша жұмыс аяқталды.
2025 жылы өңір бойынша 1000 жаңа жарықтандыру нүктесі орнатылды.
- Есеп бергеннен кейін тұрғындар аудиториядан да, жеке кездесулер кезінде де коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы сұрақтарды қойды Барлық өтініштер жұмысқа қабылданды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі