Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді жалғастырады

Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді жалғастырады

18 қарашада қала әкім «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға қатысушыларды қызметкерлер 2025 жылы қаланы абаттандыру, жарықтандыру, жол және тұрғын үй инфрақұрылымын, спорт, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы хабардар етті.

Жұмысшылар жол қозғалысы қауіпсіздігі, жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарын орналастыру және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Барлық өтініштер бақылауға алынды.

Мұндай кездесулерді өткізу қаланың дамуына оң әсер етеді және тұрғындармен бірлесіп өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі