
Сіздерді еліміз үшін маңызы зор мереке — Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлер күнімен құттықтаймын!
Бұл атаулы күн — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше белес. 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валютамыз — теңгеміз айналымға енгізіліп, еліміздің экономикалық егемендігі мен қаржылық тәуелсіздігінің берік іргетасы қаланды.
Содан бері мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеу жолында қаржы саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Қаржыгер мамандығы — ұқыптылықты, терең білім мен зор жауапкершілікті талап ететін сала. Мемлекеттік және жеке ресурстарды тиімді басқару — сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен табандылықтарыңыздың нәтижесі.
Сіздердің мол тәжірибелеріңіз, құзыреттіліктеріңіз бен бастамашылдықтарыңыз арқасында бюджеттік тәртіп нығайып, қаржыны басқару тиімділігі артып келеді.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас энергия, кәсіби табыс пен отбасы амандығын тілеймін!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, және кәсіби табыстар тілеймін. Әр күндеріңіз жаңа жетістіктер мен ертеңгі күнге сенімділік әкелсін, еңбектеріңіз әрқашан абыроймен бағалансын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.