Бірлескен шұғыл әрекет ету тобын тексеру

Бірлескен шұғыл әрекет ету тобын тексеру

Бүгін «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Шахтинск технологиялық колледжі жатақханасының аумағында шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының байқауы өтті.

Іс-шараға 13 құралым қатысты, жеке құрамның 80 адамы және 38 бірлік техника жұмылдырылды.

Байқау барысында шұғыл әрекет ету күштерінің қысқы кезеңдегі іс-қимылдарға дайындық деңгейі бағаланды. Бөлімшелердің жеке құраммен жасақталуына, техникалық қамтамасыз етілуіне және қажетті жабдықтардың болуына ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығулардың тәжірибелік бөлігі «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС станциясының аумағында, сондай – ақ «Қарағанды – Шахтинск-Есенгелді» автожолының учаскесінде өтті.

Мұнда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері өз құзыреттері шеңберінде ситуациялық міндеттерді пысықтады.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты - азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға дайындығын тексеру.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі