Қарағанды облысы Теміртау қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ХАБАРЛАМА

Қарағанды облысы Теміртау қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ХАБАРЛАМА

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 15.00-де Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12 мекенжайында орналасқан Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
  2. Конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу

2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 26 желтоқсанды қоса алғанда: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12, 34 бөлме мекенжайында жүзеге асырылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінім бас тартуға жатады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі:

Орналасқан жері

ауданы

Жер құрамы

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылығы мамандануы

 

Теміртау қаласы, Саратовка ауылына қарай жол бойы

100,0 га

жайылымдық

қара - қызғылт қоңыр кәдімгі төмен қуатты құмды сазды топырақ – 74,0 га

21

Қамтамасыз етілмеген

Шаруа қожалығы

қара  қызылт қоңыр дамымаған орташа сазды орташа қиыршық тасты топырақ – 2,0 га

ұсақ шалғынды-қызғылт қоңыр сортаң, шалғынды-қызғылт қоңыр кәдімгі орташа қуатты топырақ 20-30% – 24,0 га

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы  20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі (http://adilet.zan.kz ).

Конкурсты өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 8(7213) 931101, 931110 телефондары арқылы алуға болады.