Хабарландыру

Хабарландыру

Нұра ауданының  әкімдігі Нұра ауданының аумағында орналасқан мемлекет иелігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру  бойынша конкурс жариялайды. Жалға беру мерзімі - 20 жыл.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды.

 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу Нұра кенті, Тәуелсіздік, 41 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауданның жер қатынастары саласындағы уәкілетті органында 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 2025 жылғы 19 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу бойынша өтінімдер 2025 жылдың 19 желтоқсан сағат 17-30 дейін қабылданады.

Конкурстың қорытындысын шығару аудандық жер комиссиясының отырысында 2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10:00-де Нұра ауданы әкімдігінің акт залында басталады, көрсетілім ЮТУБ Канал (Отдел земельных отношении Нуринского района) онлайн режимде жүргізіледі

Конкурсқа ұсынылады :

Нұра ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 Барлығы 25 119,6383 га жайылым жерлер

Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2018 жылғы 20желтоқсанындағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20  маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының  талаптарына сәйкес өткізіледі.

Жер учаскелерін пайдалану шарттары мен талаптары: Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1, 65 бабының талаптары мен бизнес-жоспарын,сонымен бірге өзіне алынған міндеттерді орындау.

Сіз, конкурс өткізу және оған қатысу тәртібімен және шарттарымен Нұра кенті, Тәуелсіздік, көшесі 41 мекен-жайы бойынша Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ- де, телефондар: 8 (72144) 21195, 21094, таныса аласыз.

Аталған жарияланым конкурс тәртібінің басталуы туралы ресми хабарламасы болып табылады.