
Қазақ спортшылары Камила Оспанова мен Аяулым Оспанова ел абыройын асқақтатып, Азия ойындарының чемпиондары атанды!
75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Камила Оспанова жоғары шеберлігін, күш-жігерін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алып, Азияның ең мықты спортшыларының бірі мәртебесін растады!
Спортшыны даярлауға және оның халықаралық аренадағы табысына зор үлес қосқан бапкері Женис Оспановқа ерекше алғыс білдіреміз!
Ал Камиланың жетістігін жалғастырып, ІІІ Жазғы жасөспірімдер Азия ойындарында Аяулым Оспанова да өз шеберлігін дәлелдеп, 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бокстан чемпион атанды!
Оның табандылығы, қайсар мінезі мен жеңіске деген ұмтылысы Қазақстанға лайықты алтын медаль сыйлап, жас спортшыларға шабыт берді!
Камила мен Аяулымды және олардың тәлімгерлерін осы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың еңбегі, төзімділігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі — нағыз спорт рухының және ұлттық мақтаныштың үлгісі!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі