Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді еліміздің ең маңызды әрі қастерлі мерекесі – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Биыл біз үшін аса маңызды белес – Мемлекеттік егемендігіміздің жарияланғанына 35 жыл толып отыр. Бұл – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұратының жүзеге асқан, тағдырымызды өз қолымызға алып, Тәуелсіз мемлекет құруға бет бұрған тарихи кезеңі.

Содан бері мемлекет тарапынан ауқымды қайта құрулар, саяси және экономикалық реформалар, ұлттық бірегейлікті нығайту, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Қазақстанды халықаралық аренада беделді мемлекет ретінде бекітудің айқын жұмыстары жасалды.

Көреген мемлекеттік саясаттың, халқымыздың бірлігінің арқасында Қазақстан тұрақтылықты сақтап қана қоймай, экономика мен ғылымнан бастап, мәдениет пен халықаралық ынтымақтастыққа дейінгі түрлі салаларда елеулі табыстарға қол жеткізді.

Біздің мақсатымыз — экономикасы мықты, еңбекті құрметтеген, жаңғыру жолындағы еркін ел болу. Ендеше, әрбіріміз үлкен мақсатқа ізгі ниетпен ұмтылған сайын, Отанымыз берік болары анық.

Біздің қаламыздың да әр тұрғыны өз еңбегімен, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып, Қазақстанның  іргесін нығайтып, оны гүлдендіруге аянбай атсалысуда.

Осы ретте жарқын болашаққа жол ашып жүрген ардагерлердің, жалынды жастардың және түрлі сала өкілдерінің тынымсыз еңбегі ерекше құрметке лайық.

Баршамыз Отанымыздың игілігі үшін аянбай қызмет етіп, еліміздің дамуына өзіндік үлесімізді қоса берейік!

Қымбатты жерлестер!

Барлықтарыңызға осы мереке күні, мықты ден­саулық,   отбасыларыңызға амандық, еңбекте толағай     табыстар тілеймін!  Еліміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әр азаматтың жүрегі ізгілікке, ниеті елдікке толы болсын. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! 

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.