
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — халықты Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Сіздер өз қызметтеріңізді ең игі істердің бірі көмекке, қамқорлыққа және қолдауға мұқтаж жандарға арнадыңыздар.
Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары кәсібилікті, рухтың жомарттығын, шыдамдылықты және жақсылық жасауға деген шынайы ниетті қажет етеді.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мыңдаған азаматтар өз уақытында көмек алып, мемлекет пен қоғамның қолдауын сезінуде.
Сіздерге зор денсаулық, күш-жігер, амандық, әріптестеріңіздің құрметі мен еңбек етіп жүргендеріңіздің алғысына бөленулеріңізді тілеймін.
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.