
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Кітапханашы күнімен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз — бұл жай ғана жұмыс емес, рухани және зияткерлік құндылықтарды сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу жолындағы аса маңызды миссия.
Сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасында кітапханалар – барлық буын өкілдеріне ашық, білім мен мәдениеттің ошағы болып қала береді.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, тың идеялар мен шабыт, ризашылыққа толы оқырмандар және абыройлы еңбек тілеймін.
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.