
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2025 жылғы 7 қарашада сағат 16.00-де Новодолинский кентінің мәдениет үйінде Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының Новодолинский кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық адамдар үшін кездесу аяқталғаннан кейін тікелей азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады. Қабылдауға алдын ала жазылу Новодолинский кентінің әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде және 59514 телефоны бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, арнайы орнатылған жәшіктер немесе «жедел желі» телефоны арқылы қала әкіміне өз ұсыныстарыңызды білдіріп, сұрақтарыңызды қоюға болады.
Шахтинск қаласы әкімінің аппараты
| Елді мекен | Жәшіктердің орналастырылған жері | Мекенжайы | «Жедел желі» телефоны | 
| Новодолинский кенті | Новодолинский кенті әкімінің аппараты | Центральная көшесі, 4 | 59514 | 
| Кентттің МҮ | Школьная көшесі, 3 | ||
| Кенттің отбасылық денсаулық орталығы | Школьная көшесі, 9 | ||
| Кенттің пошта байланысы бөлімшесі | Центральная көшесі, 1а |